Венецияда Ұлы Моғолдар дәуірінің әшекейлері қолды болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венецияда қарақшылар көрмеде тұрған қымбат әшекей бұйымдарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Еuronews.

Венецияның Дож сарайынан қарақшылар қымбат бағалы түйреуіш пен екі сырғаны ұрлап, ұстатпай кетті. Әккі ұрлықшыларға дабыл белгісі де кедергі келтіре алмаған.

Ұрланған бұйымдар құны шамамен 30 000 еуроға бағаланып отыр. Қазіргі кезде Италия полициясы ұрыларды іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, аталған оқиға Ұлы Моғолдар дәуірінің 300-ге жуық бұйымдары қойылған көрменің соңғы күнінде болған.