Венецияның тарихи орталығы - әйгілі Сан Марко алаңы 60 сантиметрден астам тереңдікке су астына кетті. Болжамдарға қарағанда, жергілікті уақыт бойынша түннің ортасына қарай қалада судың деңгейі 140 см-ге дейін көтерілуі мүмкін, бейсенбі күні түстен кейін судың деңгейі 110 см-ге дейін қайта төмендейді. Венецияда алдағы 15 сағат бойы су деңгейі жоғары қалыпта қалады деп күтілуде.
16:47, 01 Қараша 2012
Венецияның басым бөлігі су астына кетті
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Италияда тоқтамай тұрған нөсерлі жаңбырдың салдары Венецияның басым бөлігінің су астында қалуына себеп болды. Су тасқыны қала аумағының 58 пайызын басты, деп хабарлады Утро. ру.