Венера, Марс және Сатурн планеталар шеруіне жиналады

АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін кешке аспанда өте сирек кездесетін құбылыстардың бірін көруге болады.

Әрине, егер күн бұлтты болмаса. Бүгін планеталар шеруі болады - аспан төрінде үш бірдей ғаламшар -Венера, Марс және Сатурн планеталары бір тізбектен көрінеді, бұл шерудің қатарынан Меркурий де көрініп қалуы ықтимал, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Планеталар шеруі деп, жерден бақылаған кезде бірнеше ғаламшардың бір-біріне жақын келіп, бір тізбектің бойынан көрінуін айтады.