Венесуэла ӘҚК елдің әуе кеңістігін бұзған беймәлім ұшақты атып түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэланың әскери-әуе күштері елдің Колумбиямен шекаралас Апур штатындағы әуе кеңістігін бұзған беймәлім ұшақты атып түсірді.

Бұл туралы дүйсенбі күні Қорғаныс министрі, сонымен қатар Жедел стратегиялық қарулы күштер қолбасшысы Владимир Падрино Лопес хабарлады.

Әуе кеңістігін бұзушы King 200 Апур штатында атып түсірілді, деп жазды генерал Twitter әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында. Ол хабарламасын американдық өндірістің екі моторлы ұшағы сынықтарының суретімен толықтырды.