Венесуэла астанасының әкімін бетперде киген адамдар алып кетті

АСТАНА. Қазақпарат - Венесуэлла астанасының әкімі, оппозиция өкілі Антонио Ледесманы қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері ұстады, деп хабарлады Би-би-си.

Бұл ақпарат ресми расталған жоқ. Бірақ саясаткердің жұбайы оның кабинетіне бетперде киген адамдар келіп, оны алып кеткенін айтты.

Бұдан бұрын Венесуэлада Социалистік партияның басшылығы Ледесманы астыртын әрекеті үшін айыптаған.