«Алдағы күндері біз ОПЕК елдеріне арнайы сапар жасаймыз. Мен венесуэлалық мұнайдың бағасы барреліне 60 доллар болуын қалаймын»,-дейді Мадуро. Венесуэла басшысының ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндомен кездесуінің қорытындысына байланысты айтқан сөзін Noticias24 келтіреді.
Өз кезегінде ОПЕК басшысы баға тепе-теңдігін сақтау мақсатында Мадуро жүзеге асырған бастамаға жоғары баға берді.
«Мадуро берген кеңес Венада қараша айында өткен келісімге қол жеткізуде нақты қадам болды және ол әлемдік мұнай нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін алаңның негізін қалады».-деді Баркиндо.
Оның сөзінше, нарық тиімділігінің қазіргі жағдайы мұнай өндіруші елдер мен әлемдік экономиканың мүддесіне сай қалыптасатын болады.