АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Венесуэла Үкіметі елден Франция азаматын аластатты. Оңтүстікамерикалық ел билігі оны президент Уго Чавесқа қастандық ұйымдастырмақ болған француз барлау қызметінің агенті деп айыптап отыр, деп хабарлады РБК Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Фредерик Лоран Букенің елден аластатылатыны туралы Венесуэланың түрме істері жөніндегі министрі Ирис Варела мәлімдеді. Оның айтуынша, француз 2009 жылы ұсталған және өзінің бұл іске қатысы бар екенін мойындаған.
Әзірше, Франция елшілігі министрдің мәлімдемесіне ешқандай жауап бермеді.