Телеүндеуінде Мадуро шекарада болған қақтығыстан үш сарбаз бен бір бейбіт тұрғын жараланғанын хабарлады. Колумбиямен шекара жабылады және сол жерге қосымша тағы 500 сарбаз жіберілді. Би-би-си тілшісінің атап өтуінше, Венесуэла мен Колумбияның шекарасы - түрлі қылмыстық топтардың ордасына болып келген аймақ.
09:44, 22 Тамыз 2015
Венесуэла Колумбиямен арадағы шекара аймағына төтенше жағдай енгізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла президенті Николас Мадуро Колумбиямен шекаралас аймақта контрабандашылардың шабуылына байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.