Әскери ведомствоның жаңа басшысын тағайындау салтанаты Уго Чавестің денесі салынған тас табыт орналасқан Каракастағы Революция мұражайында өтті.
"Мұнда, командантенің сүйегі орналасқан жерде, мен жаңа Қарулы күштер қолбасшысының есімін атаймын, - деді Н.Мадуро елдің барлық телеарналары көрсеткен тікелей эфир барысында. - Ел тарихында алғаш рет әйел адам Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалады: бұл Мелендес, туған еліміздің солдаты".
51 жастағы Кармен Тереса Мелендес Ривас Қарулы күштер қатарына әйелдерге армияда қызмет етуге алғаш рұқсат етілген - 1979 жылы қабылданды. Әскери білімнен бөлек, оның экономика саласында ғылыми дәрежесі бар.