Венесуэла мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мемлекеттік шығындарды азайтпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла Президенті Николас Мадуро мұнай бағасының құлдырауына байланысты келесі жылы мемлекеттік шығын азаятынын мәлмдеді, деп хабарлады ВВС.

Мадуро өзінің және өзге мемлекеттік шенеуніктердің жалақысын төмендету туралы ұсыныс жасады.

Президент әлеуметтік бағдарламаларға қатысты шығындар сол қалпы қалатынына сөз берді. Венесуэланың экспорттық табысының 90 пайыздан астамы мұнай сатудан түседі. Жұма күні мұнайдың бір баррельге шаққандағы құны 70 долларға дейін төмендеді.