Оппозиция көп орынға ие парламенттің шұғыл сессиясында, қазіргі мемлекет басшысы Конституцияны бұзды деген айыптаулар айтылды.
Оппозицияның мәлімдеуінше, Мадуро импичмент туралы референдумды тоқтатқан. Оппозицияның Демократиялық бірлік үшін коалициясы Мадуро отставкаға жіберу жөніндегі акция бойынша қол жинаған.
Алайда 21 қазанда Венесуэланың Ұлттық сайлау кеңесі президенттің құзыретін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі референдумға әзірлікті болдырмау жөнінде шешім қабылдады.