Венесуэла Президенті Башар Асадты қолдайды

None
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Венесуэла Президенті Уго Чавес Башар Асадтың режимін қолдайтынын растады.

Сонымен қатар, ол Ресей мен Қытайдың Сирияға байланысты ұстанған позициясына да жоғары баға беретіндігін айтты.бұл туралы 24KZ жазады.

Чавес  АҚШ-ты Сирияға қатысты көзқарасын қайта қарауға шақырды. Сондай-ақ, Сирияда болып жатқан қақтығысқа Асадтың шетелдегі қарсыластарын айыптайтынын да жеткізді. Жуырда өткен Президенттік сайлауда Уго Чавес жеңіске жетіп, мемлекет президенті болып үшінші мәрте сайланған болатын.