Венесуэла президенті отставкаға кеткен жағдайда елді басқаратын мұрагерін таңдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тарек Эль-Айссами Венесуэланың жаңа вице-президенті болды, деп хабарлады мемлекет басшысы Николас Мадурро.

"Мен Тарек  Эль-Айссамиді республиканың вице-президенті етіп тағайындадым", - деп хабарлады ол министрлер кабинетінің интерактивтік отырысында. 

Бұл қадам жаңа вице-президент  егер Мадуро оппозициялық парламенттің талабымен отставкаға кетуге мәжбүр болған жағдайда, мемлекетті басқара алу үшін жасалды.

Елде инфляцияның жылдам өсуі, мұнайға әлемдік бағаның төмендеуінен туындаған ауыр экономикалық жағдай, сондай-ақ заңнамалық және атқарушы билік арасындағы дау-дамайдан орын алған саяси дағдарыс салдарынан жағдай ушыға түсуде, деп хабарлайды interfax.ru.