Бұл туралы BBC News 5 шілдеде, осы оқиғаны көзімен көргендерге сілтеме жасап хабарлады.
Бірнеше адам заң шығарушы орган аумағындағы шағын баққа баса-көктей кірген. Бұл кезде парламент отырысы өтіп жатқан. Үкімет жақтастары мен оппозициядағы депутаттар арасында қақтығыс болды.
Тәртіпсіздік салдарынан бірнеше заң шығарушы мен журналистер жарақаттанды. Атап айтқанда, Nacional газетінің мәліметінше, депутат Америко де Грация басынан ауыр жарақаттанған.
Президенттің жақтастары таяқтармен және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылармен қаруланған, деп атап өтеді басылым.
Венесуэладағы экономикалық дағдарыстан туындаған тәртіпсіздік сәуір айынан бері жалғасып келеді. Қазірдің өзінде 91 адам қаза тапты.