Венесуэла сенбіде АҚШ үкіметімен өз азаматтары үшін репатриациялық рейстерді қайта бастау туралы келісімге келгенін жариялады. Белгілі болғандай, келесі рейс жексенбіге жоспарланған.
Венесуэла Ұлттық Ассамблеясының /Парламентінің төрағасы және АҚШ-пен келіссөз жүргізетін басты өкіл Хорхе Родригес мемлекет «адам құқықтары сақталған кезде отандастарының елге оралуына» кепілдік беретін келісім жасасқанын айтты.
Рейстердің қайта жандануына АҚШ президенті Дональд Трамптың көші-қон саясатына байланысты шиеленістің күшеюі түрткі болды. Венесуэла жақында болған жаппай депортацияларды сынға алып, Сальвадорда ұсталған 200-ден астам венесуэлалық мигранттарды тиісті құқықтық процедурасыз босатуға шақырды.
— Көші-қон — қылмыс емес, — деп атап Родригес атап өтті. — Біз қайтып оралғысы келетіндердің бәрі үйде болғанша және Сальвадордағы ұрланған бауырларымызды құтқарғанға дейін тынышталмаймыз.
Айта кетейік, репатриациялық рейстер 8 наурызда Дональд Трамп Венесуэладағы америкалық Chevron энергетикалық компаниясының лицензиясын жою туралы шешім қабылдағаннан кейін тоқтатылды.
Бұдан бұрын Трамп Венесуэланың «заңсыз мигранттар мен қылмыстық топ мүшелерін» қабылдауға келіскенін мәлімдеді.