Мұндай тәртіп ел президенті Николас Мадуроның өкілеттілігін кеңейте түспек. Яғни негізгі шешім мемлекет басшысының жарлығымен қабылданатын болады. Сонымен қатар төтенше экономикалық жағдайда салық көлемі артып, бизнес пен өнеркәсіп саласында мемлекеттік бақылау күшеймек. Өткен жылдың желтоқсанында қазіргі президент басқаратын Біртұтас социалистік партия парламент сайлауында оппозициялық күштерден ойсырай ұтылған болатын.
Айта кеткен жөн, Венесуэла ірі мұнай қорына ие. Бірақ соңғы бір жарым жылда «қара алтын» бағасының төмендеуі мұнай экспортынан ел бюджетіне келетін кірісті 60%-ға кемітті. Жергілікті депутаттардың мәліметі бойынша Венесуэладағы инфляция деңгейі қазір 140%-ға жеткен.
«Бұл шара адамдарды қорғау үшін қабылданды. Билік экономикалық проблемаларды тиімді әрі уақытылы шешу үшін осындай қадамға барып отыр. Жарлықтың өзі шетелдік инвестицияларды тартуға және жекеменшік саланың өндіріс көлемін арттыруға қолайлы жағдай тудыруға бағытталған», - деді Венесуэланың Экономика министрі Луис Салас.