Газеттің жазуынша, жарық жергілікті уақытпен 23:20-да сөнген.
Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Наурыз айынан бері Венесуэланың көп өңірінде жарық сөну әдетке айналды.
Ал ең ауқымдысы 7 наурызда болды. Сол күні ел астанасы Каракастың, сондай-ақ көптеген штаттардың тұрғындары бірнеше күнге жарықсыз қалды.