Венесуэлада ақша айырбастау науқаны бей-берекетсіздік тудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Естеріңізге сала кетейік, осының алдында ел президенті 100 номиналды боливарды шұғыл айналымнан шығару туралы тосын шара бастаған болатын, деп хабарлайды 24.kz.

Николас Мадуроның мәлімдеуінше, бұл қаржы мафиясымен күресте көмектеседі. Енді осы аптадан бастап 100 боливарды тек Орталық банк бөлімшелерінде ғана айырбастауға болады. Бұған өте қысқа мерзім 10-ақ күн берілді. Бірақ көптеген саудагерлер аталған ақшаны апта басынан қабылдамай, халықты әуре-сарсаңға салған. Бұл жұртшылықтың наразылығын тудырып, бірнеше штатта қарсылық акцияларына ұласты.