Венесуэлада алтын өндіретін шахта опырылып, 14 адам көз жұмды
01:05, 15 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Венесуэланың шығысындағы Эль-Кальяо қаласында алтын өндіретін шахта құлап, кемінде 14 адам қаза болды, деп хабарлайды Анадолы.
Қайғылы оқиғаға нөсер жауын себеп болған. Осы уақытта шахтада қалған өзге адамдарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Осыған дейін Қытайдың шығысындағы қараусыз қалған шахтада 5 адам қаза тапқаны туралы жаздық.