Аптаның басында венесуэлалық әскерилер Апуре штатында тағы екі жеңіл моторлы ұшақты атып түсірген.
Белгілі болғандай, Венесуэлада елдің аумағы арқылы ұшпақ болған есірткі саудасымен айналысушылардың ұшақтарын атып түсіруге рұқсат беретін заң қолданылады.
«Халықаралық есірткі саудалаушылар біліп жүрсін, осы сәттен бастап Венесуэланың әуе кеңістігіне енген кез келген есірткі тасымалдаушы бұйрық бойынша жерге қонулары керек, болмаса оларды біздің әскерилеріміз атып түсіреді», - деп мәлімдеді елдің президенті Николас Мадуро.