Аталған зерттеуді жүргізген Bloomberg агенттігінің еңбегіне сүйенсек, жанармайды ең қымбат бағамен сататын ел - Түркия (литрі 2,6 долллар). Бұл елдердің ондығына сондай-ақ Норвегия ($2,55), Нидерланды ($2,4), Италия ($2,34), Португалия ($2,33), Греция ($2,28), Швеция ($2,25), Бельгия ($2,22), Франция ($2,22), Дания ($2,17) енді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Ал, керісінше, жанармай бағасы ең арзан бағада сатылатын елдердің қатарын Венесуэла бастап тұр. Мұнда бір литр жанармайдың бағасы 0,02 долларды құрайды, теңгеге шаққанда шамамен 3-4 теңге. Сауд Арабиясында 0,12 доллар көлемінде. Кувейт, Мысыр, БАӘ елдерінде бір литр жанармайдың бағасы 0,20-0,40 долларды құрайды. Алғашқы ондыққа Иран ($0,57), Нигерия ($0,62), Малайзия ($0,62), Мексика ($0,85), АҚШ ($0,87) елдері енеді.
07:53, 28 Ақпан 2013
Венесуэлада бір литр жанармай бағасы - 0,02 доллар
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Жуырда әлем елдеріндегі жанармай бағасы ең қымбат және ең арзан елдердің тізімі жасалған болатын.