Ел президенті Николас Мадуро сайлауды алдын ала референдумсыз тағайындады. Оппозиция бұл қадамды заңсыз санайды және оны өткізбеуге барын салуда.
Айта кетерлігі, осы бейсенбіде елде 24 сағаттық ереуіл болды. Жағдай ушығып, соңғы айлардағы қақтығыс құрбандары 90-нан асты.
Сондай-ақ, үкіметтің жақтастары апта соңына қарай жаппай акция өткізуге ниетті.