Бірнеше күн бұрын «Хулия» дауылы әкелген нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше өзен арнасынан тасыған, қала көшелерін лай басты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына мыңнан астам адам жұмылдырылды.
Венесуэланың солтүстік аймағында нөсер мен су тасқыны салдарынан барлығы 20 мыңға жуық ғимаратқа зақым келді. Аймақта инфрақұрылымның бұзылуы себебімен зардап шеккен аудандарға көмек жеткізу қиындық туғызуда.
Ел президенті өңірді апатты аймақ деп атап, үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Фото:euronews.com