Ақпаратқа сәйкес, өрт дизель отынын гидротазарту қондырғысын жалғайтын газ құбырынан басталған. Бірнеше жарылыстан кейін қазандықтарды қоса алғанда, кәсіпорынның бүкіл жұмысы тоқтатылған.
Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Тәулігіне 310 мың баррель мұнай өңдейтін «Кардон» Венесуэладағы ең ірі мұнай өңдеу кешені — тәулігіне 955 мың баррель мұнай өңдеу қуаты бар Парагуана кешенінің құрамына кіреді.
Өткен айда шикізат тапшылығына байланысты зауытта мұнайды бастапқы айдау қондырғысы мен каталитикалық крекинг қондырғысының жұмысы да тоқтаған еді.
Айта кетейік, мұнай-газ нысандарындағы апаттардың негізгі себептері белгілі болды.