Кохедес штатындағы азаматтық қорғаныс қызметінің басшысының айтуынша, ұшақ Маргарита аралынан Каракастың оңтүстік-шығысына 30 шақырым жерде орналасқан әуежайға бағыт алып бара жатты. Ұшақ ішінде он жасар қыздан басқа оның бес туысқаны да болды. Олардың барлығы ұшақ апаты кезінде бақилық болды.
14:45, 08 Қаңтар 2011
Венесуэлада он жасар қыз бала ұшақ апаты кезінде аман қалды
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Венесуэлада шағын ұшақ апатқа ұшыраған кезде он жасар қыз бала аман қалды, оның қасындағы 5 ересек адам тіл тартпай кетті. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған Утро. ру хабарлады.