Венесуэлада оппозициялық шерулер кезінде 13 жасар жасөспірімді атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэлада оппозициялық шерулер кезінде 13 жасар жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Би-би-си осы елдің прокуратурасына сілтемемен.

Депутат Альфонсо Маркина "Твиттерге" қаза болған жасөспірімнің есімі Брайан Принсипаль екенін жазған. Депутаттың айтуынша, оның ішіне оқ тиген. Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Баркисимето қаласындағы оппозициялық шерулер кезінде болған.

Маркина қастандықты қазіргі биліктің қарулы жақтастары жасады деп  айтыптап отыр.