Дереккөздің мәліметі бойынша, оқиға бейсенбі күні күндіз Арагуа солтүстік штатында болған. Өрт қамыс плантациясында орын алды. Тілсіз жау 12 адамның өмірін қиып кетті, 13-інің денесін түрлі дәрежедегі күйік шалды, олардың 3-еуі кәмелет жасына толмаған балалар. Барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
11:30, 24 Қаңтар 2020
Венесуэлада плантациядағы өрттен 12 адам мерт болды
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Венесуэланың солтүстігінде болған өрттен 12 адам қаза тауып, 13-і жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат El Pitazo порталына сілтеме жасап.