Бұл ақпаратты Associated Press агенттігіне сілтеме жасап, Лента.ру хабарлап отыр.
Қаза тапқан қыздың әкесінің айтуынша, оқиға бойжеткен өзінің інісімен және тағы бір жас жігітпен көлікте кетіп бара жатқанда орын алған. Полиция қызметкерлері тексеру үшін көлікті тоқтатпақ болған. Алайда көлікте отырғандар талаптарын орындамағаннан кейін полицейлер машинаға оқ жаудырған. Соның салдарынан үш оқ тиген қыз қаза тапты.
Венесуэла прокуратурасының мәлімдеуінше, оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 11 полиция қызметкері ұсталған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.