Венесуэлада президент сарайына броньды техника тартылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла астанасы Каракаста президент сарайы аумағына броньды техника тартылып, көліктер периметр бойынша орналастырылуда, деп хабарлады Nacional.

  Лайфтың хабарлауынша, бұдан бұрын тікұшақ Венесуэланың Жоғарғы соты ғимаратын атқылап, гранталар лақтырған.  Сондай-ақ жарылыстар болған.    

 Ел президенті Николас Мадуро бұл оқиғаны  "террорлық шабуыл" деп атады және билік тікұшақ пен шабуыл жасағандарды табатынын мәлімдеді.