Ел халқы алдағы алты жылда мемлекеттің тізгінін ұстайтын болатын басшыны таңдады.
Елде барлығы 13,6 мың сайлау учаскесі құрылды, тағы 300-ден астам учаскі шет елдерде жұмыс істеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сайлау күні 141 мың әскери қызметші тартылды.
Венесуэлада дауыс беру құқығына 18,9 млн.-ға жуық адам ие.
Сайлауға жеті үміткер тіркелді, бірақ байқаушылардың бағалауы бойынша, олардың тек екеуінде ғана жеңіске жету мүмкіндігі бар: олар президенттің (ред. - Уго Чавестің) міндетін атқарушы Николас Мадуро және оппозициядан кандидат Энрике Каприлес.
Еске салайық, Венесуэла басшысы Чавес ауыр сырқаттан кейін көз жұмды.