Венесуэлада ұшақ апатында 33 адам тірі қалды
Венесуэлалық Conviasa әуе компаниясының ұшағы Боливар штатында, Пуэрто-Ордос қаласының маңына кеше құлаған болатын. Түрлі дереккөздер, ұшақ бортында қанша адамның болғаны туралы қарама-қайшы ақпараттар келтіруде. Венесуэланың AVN мемлекеттік ақпарат агенттігі ұшақ бортында 43-тен 47-ге дейінгі аралықта жолаушы және 4 экипаж мүшесі болғанын хабарласа, мемлекеттік телеарна мен Universal газетінің ақпараты бойынша, лайнер бортында 47 жолаушы және 4 экипаж мүшесі, барлығы 41 адам болған.
Елдің көлік және коммуникация министрі Франсиско Гарсес, туристер арасында кең танымал Маргарита аралына ұшып бара жатқан ATR-42 ұшағы жерден көтерілгеннен кейін, шамамен жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-да Пуэрто-Ордостың шығысына қарай 10 шақырымдай жерге құлаған.