Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM –  Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес АҚШ қарулы күштерінің операциясы барысында қаза тапқан қауіпсіздік қызметкерлерін еске алу мақсатында елде жеті күндік ұлттық аза тұту күнін жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Еuronews.

Фото: Анадолы

Америкалық рейд салдарынан Венесуэланың күштік құрылымдарының кемінде 24 қызметкері, сондай-ақ 30-дан астам кубалық әскери қызметші қаза тапқан. Кубада осыған байланысты 5 және 6 қаңтар күндері аза жарияланған болатын.

— Мұнда соғыс жоқ, өйткені біз соғыс жағдайында тұрған жоқпыз. Біз — шабуылға ұшыраған бейбіт елміз. Біз бейбітшілік жолымен жүруді жалғастырамыз. Бүкіл венесуэлалық халық ұлттық бірлікте. Болашағымыз үшін еңбек етіп, тарихымыз бен қадір-қасиетімізді қорғай отырып, бәріміз бірге төтеп берейік, — деді Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес.

Операция нәтижесінде Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, АҚШ-қа әкетілген.

Николас Мадуро Нью-Йоркте есірткі саудасына қатысты айыптар бойынша сот алдына тартылды. Нью-Йорктегі алғашқы сот отырысында Мадуро мен оның жұбайы өздерін кінәлі деп мойындаған жоқ