Венесуэланың үкіметі өз елшісін АҚШ-қа қайтармақшы

АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат - Венесуэланың үкіметі өз елшісін АҚШ-қа қайтару туралы шешім қабылдады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Елшінің жұмысқа алдағы аптада кірісетіні хабарланған. Ақ үй әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ, алайда АҚШ-тың мемлекеттік департаментіндегі құпия дереккөз Reuters агенттігіне Барак Обаманың әкімшілігі де АҚШ елшісі Патрик Даддиді Каракасқа қайтару туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Бұған дейін  Венесуэла басшысы У.Чавестің АҚШ елшісін тыңшылықпен айналысты деген айыптауынан кейін, екі ел бір-бірінің елшілерін мемлекет аумағынан шығарып жіберген болатын.