Түрме істері бойынша министр Ирис Вареланың ақпараттандыруынша, түрмедегі тәртіпсіздіктер тұтқындар тобының камераларды тексеру және инспекциялауға келген ұлттық гвардия қызметкерлеріне шабуылдаған соң басталды.
Жергілікті БАҚ мәліметтерінше, түрмедегі тәртіпсіздіктер аяусыз оқ атумен бірге жүрді. Онымен қоса қолдан жасалған гранаталардың жарылуына ұқсас бірнеше дыбыс естілді. Билік көздері болған оқиғаның мән-жайын кейін өтетін баспасөз мәслихатында баяндауды уәде етуде.