Венецияда туристер мінген автобус өртеніп, 21 адам қаза тапты

Туристерді кэмпингке апара жатқан автобус эстакададан құлап, өртенді. Салдарынан 21 адам қаза тауып, 15 жолаушы жарақат алды. Қаза тапқандар қатарында екі бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Фото: Luigi Brugnaro/Twitter

Венецияда құрбан болғандар қатарында Хорватия, Украина, Германия және Франция азаматтары бар.

Жалпы көлік апатынан 21 адам мерт болды, оның ішінде 2 бала бар. Тағы 15 жолаушы жарақат алды, төртеуінің жағдайы ауыр.

Кеше кешке туристерді тасымалдап бара жатқан автобус теміржол маңында 10 метр биіктен құлап, өрт тұтанған.