Қала әкімдігі қазіргі алым туристер ағынын тежеуге жеткіліксіз деген пікірде.
Қаржылық тұрғыдан алғанда, туристік алым әзірге қалаға пайда әкеліп отыр. 2026 жылы одан түскен кіріс 5 млн еуродан асты. Алайда бұл шара Венециядағы адам көптігі мәселесін шеше алған жоқ. Қала билігі алымның қымбаттауы туристердің де азаюына, тыныш күндері саяхаттауға ынталандырады деп үміттенеді. Өйткені мұндай күндері алым алынбайды.
Биыл 27 шілдеге дейін 5 немесе 10 еуро көлеміндегі алым сынақ ретінде енгізіліп, тек мереке және демалыс күндері алынған. Қазір туристер қалаға тегін кіре алады. Алымды 2027 жылғы Пасха мерекесінен бастап қайта енгізу жоспарланып отыр. Алайда бұл үшін қала билігіне Италия үкіметінің келісімі қажет.
Венецияда бірнеше күнге қалатын туристер үшін де шығын артуы мүмкін. Қала әкімдігі қонақүйлер мен пәтерлерде тұратын туристерге салынатын алымды көтеру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Еске салайық, мұндай мәселе бұған дейін де көтерілген. Былтырғы жылы Венецияда бір күндік сапар үшін туристік алым қайта енгізіліп жатқаны хабарланған болатын.