Венгрия Премьер-министрдің өкілеттік мерзімін шектеді

АСТАНА.KAZINFORM - Венгрия Парламенті конституцияға премьер-министр өкілеттігін екі төрт жылдық мерзіммен шектейтін түзету енгізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің ЕО-дағы тілшісі.

Фото: Budapest Tickets

Парламенттің 135 мүшесі қолдап, 50-і қарсы дауыс берді, ал алтауы қалыс қалды. Жаңа заң кері күшке ие және 1990 жылдан бері премьер-министр қызметін атқарғандардың барлығына қолданылады.

Бұл Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанның премьер-министр қызметіне қайта орала алмайтынын білдіреді. Саяси мансабы кезінде ол министрлер кабинетін бес мерзім басқарды, оның ішінде 2010 жылдан бері үздіксіз атқарды.

Түзетуді қазіргі премьер-министр Петер Мадьярдың биліктегі «Тиса» партиясы бастады.

Премьер-министрдің өкілеттік мерзімін шектеу 2026 жылдың сәуіріндегі парламенттік сайлауда жеңіске жеткен оның партиясының негізгі сайлауалды уәделерінің бірі болды. Виктор Орбанның «Фидес» партиясы дәстүрлі түрде түзетуге қарсы дауыс берді.

Айта кетейік, Петер Мадьяр мамыр айында Венгрияның жаңа премьер-министрі болып сайланды.

Бұған дейін Венгрия вице-премьері партия жетекшілігінен кетуге өтініш берген болатын.