Мұндай қатал шешім шығаруға мемлекет басшысының докторлық диссертациясының кәсіби және этикалық нормаларға сай емес деп танылуы себеп болған, деп хабарлайды Утро.ру.
Земмельвайс университеті президенттің ғылыми еңбегін биыл қаңтар айында венгерлік БАҚ өкілдері аталмыш диссертацияда болгарлық ғалым Николай Георгиевтің шығармаларынан көшіріп алынған тараулар бар деп айыптағаннан кейін мұқият тексеріп шыққан. Эксперттік комиссия журналистердің болжамын қуаттап, ғылыми кеңестің 33 мүшесі болгарлық ғалымның еңбегін ешбір сілтемесіз көшіріп алғандықтан П. Шмиттің ғылыми атағын алып тастауға шешім қабылдаған.
Фехтованиеден 1968 және 1972 жылдардағы Олимпиадалық ойындардың чемпионы болып табылатын П. Шмитт 1992 жылы Венгерлік дене тәрбиесі университетінде (кейін Земмельвайс университетінің құрамына кірген) «Қазіргі заманғы Олимпиадалық ойындар бағдарламасын анализдеу» деген тақырып бойынша докторлық диссертация қорғаған болатын.
Шмитт өз қызметінен мерзімінен бұрын кетпейтінін мәлімдеген. Бұрынғы спортшы, Венгрияның Ұлттық олимпиадалық комитетінің экс-басшысы ел президенті болып 2010 жылы сайланған болатын.