Венгрия Президенті плагиатқа қатысты айыптаулар үшін отставкаға кетуде

АСТАНА. 2  сәуір. ҚазАқпарат - Венгрия Президенті Пал Шмитт докторлық диссертацияны жазу барасындағы плагиатқа қатысты айыптаулар үшін отставкаға кетіп жатыр.

Өзінің шешімі туралы П. Шмитт ұлттық парламентте мәлім етті, деп хабарлады РБК.

Пал Шмитт 1992 жылы қазіргі заманғы Олимпиада ойындары тақырыбында докторлық диссертация қорғаған Игнац Земмельвайс атындағы Будапешт медицина және спорт университетінің докторлық кеңесі өткен аптада саясаткерді жұмысты жазу барысындағы плагиат үшін ғылыми атақтан айырды. Арнайы комиссия П. Шмиттің 215 беттік диссертациясының 180 беті  өзге біреудің еңбегінен түпнұсқаға ешбір сілтемесіз көшіріп алынған деген қорытынды жасады. БАҚ өкілдері аталмыш диссертацияда болгарлық ғалым Николай Георгиевтің шығармаларынан көшіріп алынған тараулар бар деп айыптағаннан кейін тексерулер басталған болатын.

П. Шмитт фехтование бойынша 1968 және 1972 жылдарғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 2010 жылдың маусым айынан бастап Венгрия мемлекетінің президенті.