Венгрияда босқындар мәселесі бойынша ұйымдастырылған референдум өтпей қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрияда өткен референдумда Еуроодақтың осы елге босқындарды орналастыру мәселесін жергілікті тұрғындардың қаншалықты қолдайтыны анықталуы керек болатын. Алайда, референдумда елдегі белсенді сайлаушылардың тек 40 пайызы ғана дауыс берді.

Бұл туралы Риа Новости агенттігі Венгрияның Ұлттық сайлау комитетіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазды lenta.ru.

Референдум талапқа сай өтуі үшін оған ел тұрғындарының кем дегенде 50 пайызы қатысуы керек болатын.

Бұл ретте Еуроодақтың Венгрияның азаматтығы жоқ адамдарды елге қоныстандыру бастамасын қаншалықты қолдайсыз деген мағынадағы сауалына дауыс берген сайлаушылардың 1,79 пайызы ғана келісетіндіктерін білдірген. Ал, дауыс берушілердің 98,21 пайызы бұл бастамаға қарсы.

Еурокомиссияның жоспарына сәйкес, Венгрия алдағы 2 жылда 2,3 мың босқынды қабылдауы қажет болатын.