Венгрияда мигранттардың рекордттық саны тіркелді
22:55, 26 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрияның Шекара полициясы сейсенбіде елден шыққан мигранттардың рекордтық санын (2,5 мың адам) тіркеді.
Полицейлердің айтуынша, жалпы алғанда, Сириядан 34 мың адам осы айда Венгрия шекарасын кесіп өткен.
Сәрсенбіде билік мигранттар ағынын тежеу үшін жаңа полицейлік бөлімше құратынын хабарлайды деп күтілуде.
Венгрия айдың аяғында Сербиямен шекараға тікенекті сымнан қоршау орнатуды аяқтамақ ниетте.
Қазіргі уақытта мигранттар әлі қоршау орнатылмаған жерден немесе темір жол ауданындағы саңылаудан және өзеннен өтіп кетуде.