Венгрияда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан кеңес сарбаздарының сүйектерін қайта жерлеу рәсімі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов кеше, 4 желтоқсанда Фельчут қаласында Ұлы Отан соғысы кезінде осы елдің аумағында қаза тапқан кеңес сарбаздарының сүйектерін қайта жерлеу рәсіміне қатысты.

Венгрияны азат ету үшін кескілескен ұрыс барысында 140 мың кеңес сарбазы қаза тапты. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында өткен бұл шараға Будапешттегі ТМД елдері елшіліктерінің басшылары да қатысты.