Венгрия үкіметінің ресми өкілі полиция сол арқылы заңсыз көші-қонға қарсы күресте қосымша өкілеттілік алып, сондай-ақ әскерден көмек сұрай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Би-би-си.
Өз кезегінде полиция шекарадан қоршаудағы тесіктер арқылы заңсыз өтпекші болып жүрген мигранттарды ұстауға кіріскенін мәлімдеп отыр.
Бұған дейін сейсенбі күні Венгрия билігі көші-қон заңнамасына босқындардың елде пана алуына құқықтарын шектейтін өзгерістерді бекітті. Енді Сербиядан келген мигранттардың өтініштері қарастырылмайды.