Вера Брежнева боран ұйтқыған Астанаға сәтті қондырған ұшқыштарды мақтады
11:13, 29 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал ресей әншісі, актриса Вера Брежнева боранды Астанаға ұшақтың жеңіл қонғаны үшін ұшқыштарды мақтады. Бұл туралы ол өз Инстаграмында жазды.
Қарға зәру мәскеуліктерге былай жазды ол: «Жаңа жылда қармен қарсы алғыларың келсе, Астанаға келіңдер. Бізді боран ұшырып әкетердей. Осындай жағдайда сәтті қонған ұшқыштар, жарайсыңдар».