Веронадағы Джульеттаның балконы жалға берілетін болды

ВЕРОНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат –Джульетта Ромеоның ғашықтық сезімдерін тыңдаған Веронадағы атақты балкон той салтанаттары үшін жалға берілетін болды.

Шекспирдің атақты шығармасындағы оқиға орын алған итальяндық Верона қаласының өкіметі өз қалаларының имиджін романтикалық махабаттың орталығы ретінде қалыптастырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме жасап. Casa Di Guilietta немесе Джульеттаның үйі - Веронаның орталығында орналасқан XIV ғасырдан жеткен ғимарат. Ол үйде Шекспирдің трагедиясындағы Капулеттилердің прототипі болуы ықтимал Каппело деген отбасы тұрған. Кейбір тарихшылар бұл фактіні қуаттайтын ешқандай мәліметтің жоқ екенін айтуда. Дегенмен ол үйдің балконы қаладағы басты көрнекті орындардың бірі болып қалыптасқан.