«ВеsтАвто» ЖШС қызметін тұтынушылар көбейіп келеді

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласындағы «ВеsтАвто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметін тұтынушылар күннен күнге көбейіп келеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серіктестіктің өз жұмысын бас­тағанына биыл үш жылдың жүзі ауып барды. Мұнда осы уақыт аралығында 200 -ден астам автокөлік сатылды. Негізінен «TOYOTA», «SUBARU», «NІSSAN», «HYUNDAІ» маркалы шетел автокөліктері. Сонымен бірге осы көліктерге толықтай жөндеу жұмыстары жасалады. Күніне орталыққа 70-100 автокөлікке дейін келіп көлік ақауларын тексертеді. Мұндағы барлық құрылғылар заманауи үлгіде, шет елдерден алдырылған.

Орталықтан тұтынушы қалаған көлігін сатып алуына немесе тапсырыс беруіне мүмкіндігі бар. Арнайы жеңілдіктер де қарастырылады. Серіктестік облыс әкімдігінен бастап өңіріміздегі ірі-ірі мұнай компанияларының көліктеріне диагнос­ти­калық тексерулер жүргізеді. Атқарылған жұмыс сапалы болғандықтан мұндағы қызметке жүгінушілер күн өткен сайын көбейіп келеді.