«Цифрландыру процесі бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінде дамыған. Бұл ретте, Қазақстанда да жаһандық цифрлық экономикада өз орны болуы қажет. Осы тұрғыда экономика салаларын цифрландыру, соның ішінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру - еліміздің басым міндеттерінің біріне айналды. Заң жобасы ветеринария саласындағы заңнаманы жетілдіруге және еліміздің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған», - деді сенатор Мұхтар Жұмағазиев.
Оның айтуынша, заң жобасында қаралып отырған мәселелер ветеринариялық паспорттарды электрондық нысанында беру мүмкіндігін, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға бақылау және қадағалау жүргізу кезінде техникалық құралдарын пайдалану құқығын іске асырады, ЕАЭО шекарасында кеден органдары мен ветеринариялық инспекторлардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
«Заң жобасы оның бастамашылары, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мұқият қаралды. Тұжырымдамасы бойынша тұрақты комитеттер мен Аппараттың тиісті бөлімдерінен ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ», - деді депутат.