Ө. Шөкеевтің айтуынша, бұл өзгерістер басты екі мәселені қамтиды. «Бірінші кезекте бізге ветеринарлық стансыларды аудандық деңгейде құру керек. Екіншіден, ветеринарлық қызмет көрсету саласына мемлекеттік монополия орнатқан жөн. Меніңше, бізде ветеринария саласындағы заңдарды бұзғандарды жауапқа тарту мақсатында әкімшілік және қылмыстық кодекстерге өзгерістер енгізу қажет. Онсыз бізге тәртіп орнату қиын», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.
11:30, 11 Қараша 2010
Ветеринария саласына мемлекеттік монополия орнату қажет - Ө.Шөкеев
АНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев еліміздің «Ветеринария туралы» заңына бірқатар өзгерістер енгізу қажет деп есептейді. Бұл туралы ол бүгін селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында мәлім етті.