Ветеринарлық-санитариялық және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функциялары мемлекеттік кіріс органдарына берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы

автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң кедендік реттеуді жақсартуға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін әкімшілік кедергілерді жоюға және тауарлар мен көлік құралдарының өткізу пункттері арқылы өтуін жылдамдатуға бағытталған.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.