Бүгін Астанада «Жаһандану жағдайында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін экономикалық дамытудың өзекті мәселелері» атты тақырыптағы конференция барысында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев осылай мәлім етті.
«ДСҰ-ның маңызды басымдықтарының бірі Санитарлық-фитосанитарлық іс-шаралар бойынша келісімге қол қою болып табылады. «Санитарлық және фитосанитарлық реттеу туралы келісімге қол қоя отырып, біз өзіміздің ішкі нарығымызды сапасыз ауыл шаруашылығы өнімдерінен ғылыми негіздерге сүйене отырып қорғауға мүмкіндік аламыз», - дейді А. Күрішбаев. Оның айтуынша, Қазақстанда 2013 жылға дейінгі аралықта 11 облыстық ветеринарлық зертхана мен 16 аудандық ветеринарлық зертхана салу жоспарланған болатын. «Алайда, бұл жұмыс әлі күнге аяқталмай отыр. Ал ондай зертханаларсыз Қазақстан ДСҰ-ның әлгіндей маңызды басымдығын пайдалана алмайтыны айқын», - деді ол.